Сурет: Egemen Qazaqstan
Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстер терминалын жаңғыртудың негізгі жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жөндеу жұмыстары 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді жоспар аясында жүргізілуде. Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Налибаев реконструкцияны 1 шілдеге дейін аяқтауды тапсырған еді.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жолаушылар отырғызу залының реконструкциясымен, балалар алаңымен және жаңа қоғамдық тамақтану орны ашылатын террасамен танысты. Сондай-ақ оған гейттер арасын байланыстыратын жаңа көпірдің жобасы көрсетілді.
Ішкі рейстер терминалында еден жабындары мен төбелер, желдету және электрмен жабдықтау жүйелері, жолаушыларды тіркеу және багажды өңдеу аймақтары жаңартылуда.
Негізгі жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Одан кейін ішкі және халықаралық терминалдарды байланыстыратын дәлізді абаттандыру жұмыстары жалғасады, олар қазан-қараша айларында аяқталуы тиіс.
Мазмұнға өту
