Сурет: Ашық дереккөз
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 17,00% деңгейінде белгіледі. Бұл шешім кезекті болжамды раунд нәтижелері мен макроэкономикалық көрсеткіштерге негізделген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жылдық инфляция баяулау үрдісін жалғастырып, биылғы мамырда 10,4% болды. Азық-түлік инфляциясы 10,7%-ға дейін төмендеді, ал азық-түлікке жатпайтын инфляция 11,7% деңгейінде сақталды. Көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі 8,7%-ды құрады.
Мамыр айында айлық инфляция 0,7%-ға дейін баяулады. Халықтың инфляциялық күтулері 12,7% болды. Ұлттық банк биыл инфляцияның бір мәнді деңгейге төмендеуін күтеді.

