Қоғам

Ұлттар лигасы аяқталды: Қазақстан құрамасының бас бапкері болашағын айтпады

Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип Ұлттар лигасының соңғы матчынан кейін өзінің командадағы болашағы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Нидерландылық маман қызметін жалғастыратыны не тоқтататыны жөнінде нақты шешім айтқан жоқ. Словакиямен өткен кездесуден кейін журналистер одан Қазақстан құрамасындағы жұмысын жалғастыра ма деп сұрады.

«Мен тамыз айынан бері Қазақстандамын. Менің міндетім Ұлттар лигасындағы ойындарды өткізу болды. Қазір біз сол міндеттің соңына жеттік. Сондықтан әзірге жағдай осындай», деді Джон ван ’т Схип.

Еске салайық, нидерландылық бапкер Қазақстан құрамасын 2026 жылдың тамызында басқарды. Ол маусым айында командадан кеткен Талғат Байсуфиновтың орнына келді. Жаңа бапкерге Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі ойындарды өткізу міндеті қойылған болатын.

Қазақстан С лигасының С3 тобында алты матч өткізіп, үш ұпай жинады. Ұлттық құрама Фарер аралдарымен сырт алаңда 1:1, өз алаңында 2:2 есебімен тең түсті. Соңғы турда Словакиямен де 2:2 есебімен ұпай бөлісті. Словакиядан сырт алаңда 1:2 есебімен жеңілсе, Молдовадан екі кездесуде де 1:2 есебімен ұтылды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы үш тең ойын, үш жеңіліспен топта соңғы, төртінші орынға тұрақтады. Джон ван ’т Схиптің ұлттық құрамадағы болашағы әзірге белгісіз.

Көп оқылғандар