Categories Ақорда

Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» атағы берілуі мүмкін

Қазақстанда әскери оқу орнын үздік бітірген түлектерге лейтенант емес, бірден «аға лейтенант» дәрежесі берілуі мүмкін. Бұл ұсынысты Мемлекеттік кеңесшісі Ғалымжан Елубаев Қарулы Күштердің әскери-ғылыми кеңесінде айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елубаевтың айтуынша, мұндай шара жастардың әскери білімге деген қызығушылығын арттырып, үздік кадрларды ынталандыруға септігін тигізеді. Қазіргі уақытта бұл ұсыныс Қорғаныс министрлігінде қаралып жатыр.

«Үздік бітірген түлектерге бірден жоғары дәреже беру – олардың еңбегін бағалаудың бір түрі. Бұл әскери саладағы бәсекелестікті күшейтеді», – деді Елубаев.

Бұл бастама әскери оқу орындарының беделін көтеруге және жастарды әскери мамандыққа тартуға бағытталған. Қарулы Күштердің кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында тағы бірнеше ұсыныс енгізілді.

Ұқсас жазбалар

Ерсұлтан Бектұрғанов: Мемлекеттік қызмет үздіксіз ізденісті талап етеді

Шілде айынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң күшіне енеді. Бұл құжаттың мақсаты…

Ғиззат Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды

Ғиззат Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Цифрлық активтер…

Жасанды интеллект саласына жауапты жаңа вице-министр тағайындалды

Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды.