Сурет: Egemen Qazaqstan
Үндістанның білім министрі Дхармендра Прадхан NEET емтиханына байланысты жанжалдан соң қызметінен кетті. 36 күнге созылған студенттердің жаппай наразылығы нәтижесінде министр емтихан нәтижелерінің күшін жоюға байланысты жауапкершілікті мойнына алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
The Times of India басылымының мәліметінше, Дхармендра Прадхан отставкаға кету туралы өтінішін премьер-министр Нарендра Модиге жолдаған. Президент Драупади Мурму премьердің ұсынысымен бұл өтінішті қабылдады. Министрдің міндетін уақытша Пралхад Джоши атқарады.
Үкімет наразылық білдірушілермен келіссөздердің үшінші кезеңінен кейін бейбіт шеруге қатысушыларға қатысты қылмыстық істерді тоқтатуға және өз-өзіне қол жұмсаған студенттердің отбасына өтемақы төлеуге келісті. Осыдан кейін акцияға қатысушылар тарады.
NEET емтиханы 3 мамырға жоспарланған еді, бірақ тапсырмалардың алдын ала тарап кеткені туралы ақпараттан кейін оның нәтижелері жойылды. Қазір Үндістанның Орталық тергеу бюросы істі тексеріп жатыр. Ондаған адам ұсталды. Үкімет мемлекеттік емтихандар туралы заңға алаяқтықтың алдын алу, тергеуді жеделдету және заң бұзушыларға жазаны күшейтуге бағытталған түзетулер енгізуді ұсынды.
Мазмұнға өту
