Сурет: peoplesreporter.in
Кісі өлтіруде айыпталған 38 жастағы Үндістан азаматы Раджкумар Раджбхар соттан жасырыну мақсатында өзінің жерлеу рәсімін жасанды түрде ұйымдастырған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол жасанды интеллект арқылы жалған суреттер жасап, адамның орнына ешкінің өлексесін өртеген. Кейін қайтыс болғаны туралы куәлік алып, шамамен бір жарым жыл бостандықта жүрген.
NDTV басылымының мәліметінше, Раджбхарға 2016 жылғы 19 желтоқсанда Йогеш Сингхті өлтірді деген айып тағылған. Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті жәбірленушіні Муншипур ауданындағы теміржол маңында атып кеткен. Марқұмның жиені полицияға арыз бергеннен кейін Раджбхарға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сот процесі кезінде ол кепілмен бостандықта жүрген.
Полиция Раджбхарды Хваджаджаханпур маңында ұстаған. Тергеу барысында оның бірнеше қаланың ауқатты тұрғындарынан ақша жинап, оны бағалы қағаздар нарығына салуға уәде бергені анықталған.
Қазір оған жалған құжат жасауға қатысты жеке қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 2016 жылғы кісі өлтіру ісі бойынша сот талқылауы жалғасуда.
Мазмұнға өту
