Сурет: Видеодан алынған кадр
Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында нөсер жаңбырдан кейін жойқын тасқын жүріп, төтенше жағдай жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 11 адам мерт болып, бірнеше тұрғын жоғалып кетті. Синоптиктер жауын-шашынның әлі де жалғасатынын ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
24kz мәліметінше, толассыз жауған жаңбырдың ең ауыр соққысы шекаралас екі округке тиді. Пунч округінде (Суранкот ауданы) тұрғын үйлердің қирауы салдарынан 10 адам қаза тапты. Раджоури округінде тасқын су ағызып әкеткен 1 әйел адамның мәйіті табылды. Ал 7 адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұр. Оларды іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
Дархали өзені арнасынан асып, Раджоури қаласындағы жаңа автобекетті (New Bus Stand) толықтай су басты. Апат салдарынан бекетте тұрған ондаған жеңіл көлік пен автобустар зардап шекті.
Синоптиктердің болжамы бойынша, аймақтағы жауын-шашын 23 шілдеге дейін созылады. Мамандар қайта тасқын жүру қаупі өте жоғары екенін алға тартып, тұрғындарды сақ болуға шақырады.
Мазмұнға өту
