Әлем

Үндістанда сутегі отынымен жүретін алғашқы пойыз іске қосылды

Сурет: БелТА

Үндістан тұрақты даму бастамалары аясында сутегі отынымен жүретін пойызды пайдалануға берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елдің премьер-министрі Нарендра Моди алғашқы сутегі отынымен жүретін пойызды іске қосты. Жаңа пойыз солтүстіктегі Харьяна штатындағы Джинд және Сонипат аудандары арасында қатынайды.

Үндістан экологиялық таза көлік жүйесіне көшу жолында маңызды қадам жасады, деп жазды Нарендра Моди X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Үндістанның баспасөз ақпарат бюросының мәліметінше, жоба заманауи тартқыш технологияларды сутегін сақтау, құю және пайдалану инфрақұрылымымен біріктіреді. Пойыз бір мезетте 2600 жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.

Көп оқылғандар