Сурет: ҚТЖ
«Қазақстан темір жолы» ҰК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын теміржол арқылы тасымалдау тарифтеріне 70 пайыздық жеңілдік енгізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Компанияның мәліметінше, республика ішіндегі бағыттарда ұн тарту және нан пісіру кәсіпорындарына арналған бидай тасымалына 0,3 төмендету коэффициенті қолданылады. Жеңілдік 30-дан астам азық-түлік түріне енгізіледі.
Бұл шара отандық азық-түлік өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, сондай-ақ ішкі нарықта азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған. Осы арқылы жүк жөнелтушілердің теміржол тасымалына жұмсайтын шығыстары орта есеппен 40%-ға қысқарады деп күтіліп отыр, — делінген компания хабарламасында.

