Сурет: 112кз
Щучинск қаласындағы «Жақсы-2» спорт базасында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының Кубогі үшін жарыс өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бәсекеге еліміздің барлық өңірінен 15 команда құрамында 240-қа жуық спортшы қатысты.
Кубок қорытындысы бойынша ҚР ТЖМ BATYR TEAM құрама командасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.
