Әлем

Түркиядағы орман өрттері курорттық аймақтарға жетті, эвакуация жүргізілуде

Сурет: Egemen Qazaqstan

Түркияда ірі орман өрттері тіркеліп, бірқатар курорттық аймақтарда эвакуация жүргізілуде. Мұғла провинциясында ауыл шаруашылығы алқаптарынан басталған өрт орман аумағына тарап, қатты желдің әсерінен жалын Фетхие – Анталья тасжолына дейін жеткен. Жолдағы қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Каш курорттық аймағында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып, бірнеше үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Қатты жел өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып отыр.

Билік өкілдерінің мәліметінше, Газипаша, Кемер, Коркутели, Аланья және Манавгат аудандарындағы өрттер бақылауға алынған. Күтахья провинциясындағы Чавдархисар ауданында да орман өртімен күрес жалғасуда.

Адыяман провинциясында екі күн бойы өршіген өрт оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын шамамен 50 гектар аумақты жойған. Өртті сөндіруге тікұшақ пен қосымша арнайы техника тартылған. Қазіргі уақытта барлық өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Көп оқылғандар