Әлем

Түркия соты Израиль премьер-министрі Нетаньяхуға халықаралық іздеу жариялады

Сурет: Global Look Press

Ыстанбұл соты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты халықаралық қамауға алу туралы өтініш беруді ұйғарды. Бұл шешімді 14 шілдеде Ыстанбұлдың 11-ші ауыр қылмыстық істер жөніндегі соты қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс Израиль әскери күштерінің Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге бағыт алған Sumud кемесін тоқтатуына байланысты қаралып жатыр. 12 сәуірде Барселонадан теңізге шыққан флотилияны 29 сәуірге қараған түні Крит маңындағы халықаралық айдында Израиль әскері заңсыз тоқтатқан. Кеме құрамында 39 елден 345 адам болған, олардың ішінде Түркия азаматтары да бар.

Түркия прокуратурасы бұл әрекетті қарақшылық деп атап, Биньямин Нетаньяху мен Израильдің бірнеше жоғары лауазымды тұлғасына қарсы қылмыстық іс қозғаған. Оларға адамзатқа қарсы қылмыс, геноцид, қасақана дене жарақатын салу, азаптау, мүлікті бүлдіру, ауыр тонау, көлік қозғалысына кедергі келтіру, кемені заңсыз басып алу және адамдарды заңсыз бас бостандығынан айыру сияқты айыптар тағылып отыр.

Прокуратура айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Ведомство бұл істі Түркия соттарының халықаралық теңіз құқығы аясында қарауға заңды құзыреті бар екенін мәлімдеді.

Көп оқылғандар