Categories Әлем

Трамп пен Нетаньяху бір күнде екі рет телефон арқылы сөйлесті

Сурет: aa.com.tr

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бір күн ішінде екінші рет телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әңгіме Иранның Израильге қарсы шабуылдарын тоқтататыны туралы мәлімдемесінен аз уақыт бұрын болған. Kan 13 телеарнасының мәліметінше, Нетаньяху мен Трамп сол күні екі мәрте тілдескен.

Yedioth Ahronoth газеті Трамппен болған әңгімеден кейін Нетаньяху кешкі және түнгі уақытта Иранға қарсы жоспарланған соққылардан бас тартуы мүмкін екенін жазды.

Бұған дейін Израиль әскері атысты тоқтату режиміне қарамастан Ливан астанасы Бейруттің Дахия ауданына әуе шабуылын жасаған. Иран билігі бұл әрекетті айыптап, жауап қайтаратынын мәлімдеді. Түнде Израильдің солтүстігіндегі бірнеше қалада Иран тарапынан зымырандар ұшырылғаннан кейін дабыл сиреналары қосылды.

Израиль әскері Иранның батыс және орталық аудандарына соққы жасағанын хабарлады. Тегеран бұл шабуылдарға зымырандық соққылармен жауап қайтарды. Оған дейін Иран қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» штабы Израильге қарсы әскери операциялардың тоқтатылғанын жариялаған болатын.

Ұқсас жазбалар

ӘЧ-2026: Иран құрамасы АҚШ-та ойнап, Мексикада тұратын болды

Иран құрамасына әлем чемпионаты-2026 кезінде ойын күндерінен тыс уақытта АҚШ аумағында болуға тыйым салынды. Команда…

Қазақстан Horizon Europe ғылыми бағдарламасына қосылуды жоспарлап отыр

Қазақстан Horizon Europe ғылыми бағдарламасына қауымдастырылған ел мәртебесімен қосылуды жоспарлап отыр. Бағдарлама бюджеті 175 млрд…

Жапонияда цунами қаупінен 181 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Филиппин жағалауында болған күшті жер сілкінісінен кейін Жапонияның бірнеше аймағында цунами қаупі жарияланып, жаппай эвакуация…