Әлем

Трамп Иранға жаңа әскери соққылар жасауды кейінге қалдырды

Сурет: istockphoto.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жаңа әскери соққылар жасауға әзірге бұйрық бермеді. Бұл туралы Axios басылымы хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның мәліметінше, АҚШ күштері толық дайын болғанымен, Трамп әзірге Ирандағы нысандарға соққы жасау туралы шешім қабылдамаған. The New York Times мұның бір себебі ретінде Таяу Шығыстағы Patriot әуе қорғанысы жүйелеріне арналған тосқауыл зымырандары мен басқа да оқ-дәрі қорының сарқылып қалу қаупін атады.

Сонымен бірге Дональд Трамп АҚШ өз талаптарының «100 пайыз орындалуына» қол жеткізбесе, Иранға қарсы әскери соққылар жалғасатынын мәлімдеді.

Көп оқылғандар