Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер барысында маңызды мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Тегеран ядролық қаруды тек әзірлемеуге ғана емес, оны сатып алмауға да келісім беріп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Трамп бұл келісімді «тарихи серпіліс» деп атады. Оның сөзінше, Иран ядролық бағдарламасын толық тоқтатуға дайын екенін білдірген.
«Біз Иранмен келіссөздерде үлкен жетістікке жеттік. Олар ядролық қаруды ешқандай жолмен алмайтынына кепілдік берді», – деді Ақ үй басшысы.
Бұл мәлімдеме Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеленісті төмендетуге бағытталған дипломатиялық қадамдардың нәтижесінде жасалды. Сарапшылар бұл келісімнің аймақтық қауіпсіздікке оң әсер ететінін айтуда.

