Сурет: Aikyn.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумда жасанды интеллектті дамытудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл саладағы жетістіктер экономикалық бәсекелестікте шешуші рөл атқарады.
Форум «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру» тақырыбында өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жасанды интеллект саласында бірлесіп жұмыс істеуі керектігін айтты. Ол цифрлық технологияларды дамыту арқылы өңірлік экономиканы жаңа деңгейге көтеруге болатынын жеткізді.
«Біз жасанды интеллектіні дамытуға басымдық беруіміз керек. Бұл – болашақтың кілті», – деді Президент.
Форум барысында Тоқаев ЕАЭО елдерінің цифрлық трансформациядағы жетістіктері мен алдағы жоспарларына тоқталды. Ол жасанды интеллектті экономиканың барлық саласына енгізу қажеттігін атап өтті.

