Басты тақырып

Тоқаев пен Рахмон Астанадағы Тәжікстан елшілігін ашты

Сурет: Aikyn.kz

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астанадағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Бұдан кейін Президент оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады.

Мемлекет басшыларына елшілік ғимараты жайлы бейнеролик көрсетілді. Содан соң олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.

Көп оқылғандар