Сурет: Air Astana
Алматы халықаралық әуежайының перрон аумағында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанда жазатайым оқиға болып, мердігер ұйымның бір қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әуежай әкімшілігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Оқиғаның мән-жайын уәкілетті мемлекеттік органдар тексеріп жатыр.
«Алматы әуежайы уәкілетті мемлекеттік органдарға қажетті көмек көрсетіп, жүргізіліп жатқан тергеу аясында олармен өзара іс-қимыл жасап жатыр. Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін әуежай қосымша түсініктеме бере алмайды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 6 қарашадан бастап Алматы әуежайында рейстерге тіркелу тәртібі өзгерді.
Мазмұнға өту
