Басты тақырып

Мәскеу – Астана рейсінде жарылғыш зат туралы жалған хабар тексерілді

Сурет: ашық дереккөз

10 қарашада Астана әуежайына «Мәскеу – Астана» бағытымен ұшып келе жатқан ұшақ бортында жарылғыш зат болуы мүмкін деген хабарлама түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, әуе кемесінің салонын тексеру кезінде жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар анықталмаған.

«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Сонымен қатар ведомство күдіктінің жеке басын анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Елорда әуежайының баспасөз қызметі әуежайдың қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Бұған дейін Мәскеу – Алматы бағытындағы ұшақтың Астанаға жоспардан тыс қонғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Көп оқылғандар