Сурет: Aikyn.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды. Президент Тоқаев Куба вице-президентінің бүгінгі жиынға қатысқанына ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына сенім білдірді.
«Біздің ынтымақтастығымыздың жаңа деңгейге көтерілетініне сенімдімін. Әсіресе сауда-экономикалық салада бірлескен жобаларды іске асыру маңызды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сальвадор Вальдес Меса өз кезегінде Қазақстанның аймақтағы рөлін жоғары бағалап, Кубаның инвестициялық жобаларға қатысуға дайын екенін жеткізді. Тараптар алдағы уақытта экономикалық форумдар мен іскерлік миссияларды ұйымдастыруға келісті.
Мазмұнға өту
