Басты тақырып

Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасын қабылдады: не талқыланды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

«Біз интеграциялық бірлестіктің даму басымдықтары мен алдағы жұмыс жоспарларын пысықтадық», — деді Сағынтаев.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және ортақ нарықтағы кедергілерді жою жолдарын қарастырды.

Көп оқылғандар