Басты тақырып

Тоқаев балаларды қорғау күнінде: «Әр баланың бақытты болуы – мемлекеттің басты міндеті»

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент бұл күннің маңызын атап өтіп, әр баланың бақытты әрі қауіпсіз өмір сүруі – мемлекеттің басты міндеті екенін жеткізді.

«Балалар – біздің болашағымыз. Олардың денсаулығы мен біліміне ерекше көңіл бөлуіміз керек», – деді Президент.

Құттықтауда бала құқығын қорғау, сапалы білім мен медициналық көмек көрсету мәселелеріне тоқталған. Мемлекет басшысы ата-аналар мен ұстаздардың еңбегін жоғары бағалап, баршаға бақыт пен табыс тіледі.

Көп оқылғандар