Басты тақырып

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XX жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында үздік нәтиже көрсеткен спортшыларды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Спортшылар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Атап айтқанда, каратэден алтын медаль иегері Берульцева Софья Полихроновна (Астана қаласы), шосседегі велоспорттан екі алтын медаль иегері Луценко Алексей Александрович (Астана қаласы), семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегерлері Проходов Кирилл Дмитриевич, Сертай Ерлік Асқарұлы, Шарлаимов Вадим Вадимович (барлығы Астана қаласы), академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегерлері Чернухин Иван Сергеевич және Яковлев Владислав Павлович (екеуі де Астана қаласы), каратэден алтын медаль иегері Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы (Астана қаласы), аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегерлері Бүркіталин Еркінғали Аманғалиұлы және Шынбаев Қадырбек Айбекұлы (екеуі де Ақтөбе қаласы), паравелоспорттан екі алтын медаль иегерлері Ермұханбет Наиль Мадьярұлы және Калаус Анастасия Андреевна (екеуі де Астана қаласы), паражүзуден алтын медаль иегері Кенжебек Диас Ерболатұлы (Астана қаласы), парадзюдодан алтын медаль иегерлері Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы, Нұрмаханұлы Ибрагим және Сейілбекова Ақтолқын Елтайқызы (үшеуі де Астана қаласы), шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 км жекелей жарыстың алтын медаль иегері Сұлтанова Рината Станиславовна (Астана қаласы), жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы Тоқсанбаева Ясмина Тұрсынқызы (Астана қаласы), таеквондодан алтын медаль иегері Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы (Алматы қаласы) марапатталды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Азия ойындары мен Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде 2027 жылы елімізде бокс, дзюдо, таэквондо, үстел теннисі мен киберспорттан әлем чемпионаттары өтетінін айтты.

Көп оқылғандар