Тоқаев Аустрия министрлерімен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияның еуропалық және халықаралық істер министрі Беате Майнль-Райзингер мен ішкі істер министрі Герхард Карнерді қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар саяси диалогты тереңдету және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарастырды. Президент Қазақстанның Аустриямен инвестициялық және мәдени байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

«Біз Аустриямен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және оны одан әрі дамытуға дайынбыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аустриялық министрлер өз кезегінде Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды серіктес екенін және екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге ниетті екендерін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Қазақстан Президентінің Брюссельге ресми сапары басталды. Бельгия астанасының әуежайында Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы ротасы сап…

Мемлекет басшысы Бельгиядағы отандастармен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтармен кездесті.

Талдықорған теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін ашылды

Талдықорған қаласында жаңғырту жұмыстары аяқталған соң теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті.