Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Ол алдымен Алатау қаласының даму жоспарын қарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысына қаланың инфрақұрылымдық жобалары мен экономикалық әлеуеті туралы баяндалды. Жаңа қаланың құрылысы ерекше назарда.
«Алатау – еліміздің жаңа әкімшілік-экономикалық орталығына айналады. Бұл жерде заманауи стандарттарға сай тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салынады», – деді Президент.
Тоқаев қала құрылысының қарқыны мен сапасын бақылауды тапсырды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды.

