Сурет: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту мәселелеріне арналған кеңесте энергия тиімділігі мен ресурстарды ұтымды пайдалануға ерекше тоқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа қала заманауи стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл – тек инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар экологиялық таза технологиялар мен үнемді шешімдерді енгізуді де қамтиды.
«Алатау қаласы ресурстарды үнемдеп қолдануда үлгі болуға тиіс. Біз энергия тиімділігін арттырып, су мен электр қуатын үнемдеудің озық тәсілдерін қолдануымыз керек», – деді Тоқаев.
Президент қаланы дамыту барысында «жасыл» технологияларды кеңінен пайдалануды тапсырды. Сондай-ақ, ол жергілікті билікке ресурстарды тиімді басқарудың нақты жоспарын әзірлеуді міндеттеді.

