Спорт

Төрт қола, екі рекорд: Қазақстандық жас құтқарушылар әлем чемпионатында жарқырады

Сурет: 112кз

Өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші және үшінші күндері қазақстандық спортшыларға сәттілік әкелді. Олар төрт қола медаль жеңіп алып, екі ұлттық рекорд жаңартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«100 метрлік кедергілер жолағынан өту» сайысында жасөспірім ұлдар құрамасы қола жүлдегер атанды. Қыздар құрамасы да қолаға ие болды. Аға топтағы спортшы Шевцова Лианна 17,05 секунд нәтижесімен ел рекордын жаңартты, бұрынғы көрсеткіш 18,27 секунд еді. Ол финалға жолдама алып, төртінші орынға тұрақтады.

«4×100 метр өрт эстафетасында» ұлдар құрамасы (Редькин Игнат, Шевцов Кирилл, Қалиоллаев Ислам, Боков Никита) қола медаль жеңіп алды. Қыздар құрамасы (Бунякина Анастасия, Чупракова Анна, Тұрсынбай Айша, Шевцова Лианна) 63,72 секунд нәтижемен тағы бір рекорд орнатып, қола жүлдегер атанды. Алдыңғы рекорд 67,29 секунд болатын.

Көп оқылғандар