Сурет: ашық дереккөз
Ұлттық валюта өткен тәуліктегі сауда-саттық қорытындысы бойынша нығайып, сессияны 1 доллар үшін 464,60 теңге (-0,25%) деңгейінде аяқтады. Сауда-саттық көлемі 304 млн долларды құрады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Tengenomika телеграм арнасының мәліметінше, рубльге қатысты бағам 5,61 теңге (-0,65%) деңгейінде қалыптасты, ал сауда-саттық көлемі 2 381 млн рубльге жетті.
Еуроның айырбас бағамы 536,63 теңге (-0,11%) болды. Сауда-саттық көлемі 1 178 мың еуроны құрады.
Юань бойынша биржалық сауда-саттық 68,84 теңге (-0,17%) деңгейінде жабылып, сауда-саттық көлемі 13 млн юань болды.
Еске салайық, биыл сәуір айында да доллардың орташа бағамы 460 теңгеге дейін арзандаған еді.
Айта кетейік, 2026 жылды теңге салыстырмалы түрде мықты позициямен бастады.
