Сурет: Egemen Qazaqstan
Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына орай Air Astana әуе компаниясының Астанадан Дубайға бет алған ұшағы елорда әуежайына қайта оралуда. Бұл туралы әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін сағат 08:50-ге жоспарланған KC897 Алматы – Дубай рейсі де тоқтатылды. Әуе компаниясының ақпаратынша, рейсі тоқтатылған жолаушыларға билетті сатып алған жері арқылы оның толық құны қайтарылады.
Air Astana өкілдері рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы қосымша хабарланатынын айтты. Осыған байланысты жолаушылардан рейстерінің мәртебесін алдын ала тексеру сұралады, себебі тағайындалған әуежайларға ұшу және қону уақыттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Мазмұнға өту
