Сурет: istockphoto.com
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы мұнай бағасының өсуіне әкелді. Brent маркалы мұнай фьючерстері 20 центке қымбаттап, барреліне 88,72 долларды құрады, ал WTI 5 центке төмендеп, 82,35 доллар болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада екі марканың да бағасы 5 пайыздан астамға өскен. Бұған мұнай нысандары мен танкерлерге жасалған шабуылдар, сондай-ақ Таяу Шығыстан мұнай жеткізіліміне қатысты қауіптердің күшеюі себеп болған. Демалыс күндері Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелер саны айтарлықтай азайған.
ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,66 миллион баррельге арттыру туралы келісімге келген. Шілдеде ұйымға мүше мемлекеттердің тәуліктік шикі мұнай өндірісі маусыммен салыстырғанда 1 миллион 659 мың баррельге өсіп, 23 миллион 632 мың баррельге жеткен.
Парсы шығанағындағы жағдай тұрақталмай тұр. Дональд Трамп Ираннан соңғы ондаған жылдағы қақтығыстар, шабуылдар мен наразылықтар салдарынан келтірілген шығын және адам өлімі үшін өтемақы төлеуді талап еткен. Тегеран бұған жауап ретінде америкалық әскери қызметшіні өлтірген немесе тұтқынға алған азаматтарға 30 мың доллар сыйақы тағайындайтынын хабарлаған.
Мазмұнға өту
