Сурет: istockphoto.com
Степногорск қаласында «Viamedis» ЖШС филиалының стоматологы балаларды емдеуге қажетті сертификатсыз 300-ден астам кәмелетке толмаған балаға медициналық қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Степногорск қаласы прокуратурасының мәліметінше, бұл қызметтер МӘМС қаражатының есебінен төленген. Негізсіз төлемдердің жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден асқан.
«Дәрігердің балаларға медициналық көмек көрсетуге құқық беретін тиісті маман сертификаты болмаған. Соған қарамастан ол 345 балаға стоматологиялық қызмет көрсетіп, көрсетілген қызметтер үшін МӘМС қаражаты есебінен ақы алған. Негізсіз төлемдердің жалпы сомасы – 2 569 792 теңге. Прокурорлық қадағалау актісінен кейін заңбұзушылықтарды жою шаралары қабылданып, қаражат толық көлемде мемлекет кірісіне қайтарылды», делінген хабарламада.
Бұған дейін Павлодарда үш жасар қыз стоматологтан ем алғаннан кейін комаға түскені хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
