Сурет: SpaceX
Илон Масктың SpaceX компаниясы Техас штатындағы ғарыш айлағынан Starship ғарыш кемесін ұшырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бір сағатқа созылған сынақ кезінде Starship орбитаға 20 Starlink жерсерігін шығарды. Ұшу бағдарламасы аяқталған соң ғарыш кемесі Үнді мұхитына сәтті қонды.
Бұл миссия Марсқа ұшуды мақсат еткен Маск үшін маңызды қадам саналады. Ал ғарышқа жеткізілген Starlink спутниктік интернет желісін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін сынақ техникалық ақауға байланысты кейінге қалдырылған еді. Осыған дейін өткізілген Starship-тің 12 сынақ ұшырылымының жетеуі ғана сәтті аяқталған.
Мазмұнға өту
