Әлем

Солтүстік Кипр жағалауында 279 жолаушысы бар паром аударылды

Сурет: Виедодан алынған кадр

Солтүстік Кипр жағалауында бортында 279 жолаушысы бар жолаушылар паромы аударылып кетті. Жағалау күзеті құтқару операциясын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына тікұшақ пен жақын маңдағы кемелер де жұмылдырылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Kıbrıs Postası мәліметінше, оқиға Кирения қаласының жағалауында болған. Паром жағалаудан шамамен 2,5 шақырым қашықтықта болған кезде оның тұмсық бөлігіне су кіре бастаған. Капитан кемені портқа қайтаруға әрекет жасаған. Алайда осыдан кейін паром аударылып кеткен.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, бірақ нақты саны туралы әзірге ресми ақпарат жарияланбаған.

Кирения ауданындағы ауруханалар мен жедел жәрдем қызметтері төтенше жағдайға дайындық режиміне келтірілді. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Индонезия жағалауында жолаушылар паромынан өрт шығып, 271 адамның 225-і құтқарылғаны туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Алакөлде қауіпсіздік талаптарын бұзған 22 кеме иесі жауапқа тартылды.

Көп оқылғандар