Әлем

Сирия Халық кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Сурет: Anadolu

Башар Асад режимі құлағаннан кейін алғаш рет Сирия Халық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Абдельхамид Аввак парламент төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өтпелі кезеңде құрылған жаңа парламенттің алғашқы отырысында Абдельхамид Аввак Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Дауыс беру нәтижесінде Аввак 99 дауыс, Муайяд Кабалави 75 дауыс, ал Мұхаммад Корейдж 31 дауыс жинады.

Сайланғаннан кейін саясаткер ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті. Сириядағы өтпелі кезең аясында құрылған Халық кеңесінің өкілеттік мерзімі 30 ай болып белгіленді.

Көп оқылғандар