Сурет: ашық дереккөз
Қазан айының соңғы күндері Қазақстанның батыс өңірлерінде ауа райы жылы әрі қолайлы болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, батыста ауқымды антициклон орнығады. Ал солтүстік пен шығыста, сондай-ақ оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын, көбінесе қар түрінде жауады.
Түнде еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы 0°С-тан төмен болады. Күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта 0…+5°С-тан +5…+10°С-қа дейін, ал батыс пен оңтүстікте +17…+22°С-қа дейін жылынады.
Синоптиктер қараша айының да жылы болатынын болжап отыр.
Мазмұнға өту
