Сурет: Report
АҚШ-тың Сиэтл қаласында болған жаппай атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Атыс жексенбі күні кешке Bite of Seattle гастрономиялық фестивалі өтіп жатқан Seattle Center кешенінің аумағында болған. Фестивальге бірнеше мың адам қатысқан.
Шамамен сағат 18:00-де (Астана уақыты бойынша дүйсенбі күні 06:00-де) оқиға орнында бірнеше рет оқ атылған. Осыдан кейін келушілер жан-жаққа қашып, қауіпсіз жер іздей бастаған. Куәгерлердің бірі адамдардың тым көп болуына байланысты дүрбелең туып, кептеліс болғанын айтты.
Harborview медициналық орталығының дәрігерлері жараланған 4 адамның жағдайы қанағаттанарлық екенін, ал 56 жастағы бір әйелдің жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.
Қазіргі уақытта күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ. Полиция тұрғындарды оқиға болған ауданға бармауға шақырды.
Мазмұнға өту
