Categories Әлем

Швейцарияда халық санын 10 миллионмен шектеу бастамасы референдумда қолдау таппады

Сурет: Рixabay

Швейцария азаматтары референдумда ел халқының санын 2050 жылға қарай 10 миллион адамнан асырмау туралы бастаманы қолдамады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Le Temps басылымына сілтеме жасаған БЕЛТА-ның хабарлауынша, дауыстарды санау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 54,8 пайызы бастамаға қарсы, ал 45,2 пайызы оны қолдаған.

Референдум өткізу бастамасын Швейцария халықтық партиясы көтерген еді. Ұсыныс бойынша, халық санын 2050 жылға дейін 10 миллионнан асырмау үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылуы көзделген. 2025 жылдың соңында Швейцария халқы шамамен 9,1 миллион адамды құраған.

Бастама авторлары соңғы жылдары жаппай көші-қонның артуы қылмыс деңгейінің өсуіне, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің көбеюіне, көлік инфрақұрылымының шамадан тыс жүктелуіне, тұрғын үй тапшылығына және жалдау ақысының қымбаттауына алып келгенін алға тартты.

Жоспар бойынша көші-қон ағынын шектеу бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылуы тиіс еді. Егер халық саны 9,5 миллионнан асса, билік белгілі бір санаттағы босқындарға тұруға рұқсат беруді тоқтатып, отбасыларды біріктіру құқығын шектей алатын еді.

Сонымен қатар үкімет халықаралық келісімдер аясында көші-қонды шектеуге мүмкіндік беретін ерекше шарттар мен қорғаныс тетіктерін енгізу жөнінде келіссөздер жүргізуге міндеттелетін еді.

Егер қабылданған шараларға қарамастан халық саны белгіленген межеден асып, екі жыл бойы жоғары деңгейде сақталса және Берн Еуропалық одақпен арнайы жеңілдіктер немесе қорғаныс тетіктері жөнінде келісімге келе алмаса, онда Швейцария мүмкін болған алғашқы сәтте Еуропалық одақпен жасалған адамдардың еркін жүріп-тұруы туралы келісімнен шығуға тиіс болатын.

Аталған келісім Швейцария мен Еуропалық одаққа мүше елдердің азаматтарына белгіленген талаптарды сақтай отырып, бір-бірінің аумағында тұруға және жұмыс істеуге өзара құқық береді.

Ұқсас жазбалар

Иран 14 маусымда АҚШ-пен меморандумға қол қоймайды

Иран 14 маусымда АҚШ-пен соғысты реттеу үдерісін бастау туралы бірлескен меморандумға қол қоюдан бас тартты.…

Нью-Йоркте «Никс» жеңісінен кейін тәртіпсіздік: автобус өртенді

Нью-Йоркте «Никс» жеңісінен кейін Таймс-скверде тәртіпсіздік: фанаттар автобусты өртеп, полиция көліктерін талқандады.

АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы із-түзсіз жоғалып кетті

Сыртқы істер министрлігі Чикагода жоғалған 24 жастағы қазақстандық Әсет Құралбайға қатысты мәлімдеме жасады.