Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Қытайдың Шанхай қаласында 13-21 шілде аралығында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (IMO) өтті. Әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың біріне 117 мемлекеттен 700-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль иеленді. Бұл олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келеді, ал Қазақстан 1992 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 34 рет қатысып, 16 алтын, 54 күміс, 86 қола медаль және 30 Құрмет грамотасын алған.
Мазмұнға өту
