Әлем

Саратовта робот сатып алушымен төбелесті

Сурет: видеодан скриншот

Ресейдің Саратов қаласындағы электроника дүкенінде тосын оқиға болды. Робот сатып алушыға шабуыл жасап, кейін оны тыныштандыруға тырысқан қызметкерлерге де қарсы шықты. Бұл оқиға 31 тамызда Volga Store дүкенінде орын алған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға салдарынан ешкім қатты жарақат алған жоқ. Дегенмен, темір роботтың әрекеті дүкендегілерді үрейлендірді.

Желіде тараған видеода сатып алушының роботпен қол алысуға тырысқаны көрінеді. Бірақ робот жауап бермеген соң, тұтынушы оны иығымен сәл итеріп жіберген.

Сол сәтте робот қорғаныс режиміне өтіп, сатып алушыға аяғымен бірнеше рет тебуге әрекеттенген. Кейін ол өзін тоқтатпақ болған дүкен қызметкерлеріне қарай ұмтылған.

Ақырында қызметкерлердің бірі роботты артынан ұстап, оның қозғалысын тоқтатқан.

Дүкен әкімшілігі болған оқиғадан кейін тұтынушыға психологиялық жайсыздық үшін жаңа смартфон сыйлауға уәде берген.

Көп оқылғандар