Спорт

Рыбакинаның US Open-дегі алғашқы қарсыласы анықталды: матч қашан өтеді

Сурет: ашық дереккөзден

WTA рейтингінде екінші орында тұрған Елена Рыбакинаның US Open турниріндегі алғашқы кездесуінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ ашық чемпионатының 1/64 финалында Елена Рыбакина (Қазақстан) мен Теа Фродин (АҚШ) арасындағы матч сейсенбі, 1 қыркүйекте өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

18 жастағы Теа Фродин WTA рейтингінде 580-орында тұр.

Елена Рыбакина 2026 жылғы US Open турниріне дайындық аясында Нью-Йорктегі Флашинг-Медоус корттарында ресми жаттығуын өткізгенін еске саламыз.

Көп оқылғандар