Сурет: Sports.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Ningbo Open WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда әлемдік рейтингте 13-орындағы ресейлік Диана Шнайдермен кездескен Рыбакина қарсыласын екі сетте ұтты. 1 сағат 36 минутқа созылған матч 6:3, 7:5 есебімен аяқталды.
Финалда отандасымыз канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі. Бұған дейін Рыбакина WTA тарихындағы үздік төрттікке енгені хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
