Сурет: Getty Images
Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» клубы қаржылық қиындыққа тап болды. Клубтың қарызы 200 миллион доллардан асып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сауд Арабиясының спорт басылымы Arriyadiyah-тың мәліметінше, клуб басшылығына қаржылық жағдай реттелмейінше жаңа ойыншылармен келісімшарт жасауға тыйым салынған. «Әл-Насрдың» жалпы қарызы 800 миллион сауд риалынан (200 миллион доллардан) асады. Дағдарыстан шығу үшін клубтың белгілі бір үлесін сату қарастырылып жатыр.
Әзірге клуб басшылығы бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Еске сала кетейік, Роналдуды «Әл-Насрда» жаттықтырған Жорже Жезуш әлем чемпионатынан кейін Португалия ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған болатын. Ол алғашқы баспасөз мәслихатында Криштиану Роналдуға қатысты пікір білдіріп, тәжірибелі шабуылшының ұлттық құрама үшін әлі де маңызды ойыншы екенін айтқан. Алайда спорт журналисі Мұхаммед Авад ойыншының келесі маусымда Португалия құрамасындағы мансабын аяқтауы мүмкін екендігін жазды.
Мазмұнға өту
