Қаржы

Республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгеге жетті

Сурет: ті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық орындалды. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы қаржыландырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, трансферттерді есептемегенде республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгені немесе жоспардың 100,6%-ын құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кірістер 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға артты. Салық түсімдері 8,3 трлн теңгеге жетіп, жоспар 100,3%-ға орындалды. Былтырғы жартыжылдықпен салыстырғанда салық түсімдері 29%-ға немесе 1,9 трлн теңгеден астамға өсті.

«Кірістердің өсуіне негізгі экспорттық тауарлар бағасының көтерілуі және сыртқы сауда белсенділігі оң әсер етті. Сонымен қатар, электрондық жүйе бойынша сату айналымдары 12%-ға немесе 10,8 трлн теңгеге өсті», — деді Ержан Біржанов.

Көп оқылғандар