Сурет: dektravel.ru
Жапонияның Тотиги префектурасындағы Син-Канума станциясында жолдарға техникалық қызмет көрсету кезінде төрт жұмысшы жүрдек пойыздың астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша бейсенбі күні сағат 10:45 шамасында Тобу-Никко желісінде болған. Төрт ер адам теміржол бойындағы арамшөптерді тазалап жүрген.
Барлық жұмысшы ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген, алайда кейін көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция мен өрт сөндіру қызметі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Мазмұнға өту
