Әлем

Ресейдегі газ-химия кешеніндегі өрттен 100-ден астам адам зардап шекті

Сурет: ашық дереккөзден

Ресейдегі Амур газ-химия кешенінің құрылыс алаңында өрт болып, бір адам қаза тауып, 123 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт пиролиз қондырғысының қосалқы учаскесінде басталған. Свободный қаласындағы ауруханаларға 19 адам жеткізілді, олардың арасында мердігер ұйымның қызметкері, Қытай азаматы да бар. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Тағы 104 адам жеңіл жарақат алды, негізінен кесілген және соғылған жерлері бар. Қазір оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда, себептерін арнайы комиссия анықтайды.

Прокуратура өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Көп оқылғандар