Сурет: Egemen Qazaqstan
Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары шілдеде тәулігіне орта есеппен 3,91 миллион баррель шикі мұнай өңдеген. Бұл көрсеткіш 2005 жылдың наурыз айынан бергі ең төменгі деңгей, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
EA Analytics деректеріне сәйкес, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай өңдеу көлемі тәулігіне 1,4 миллион баррельден астамға азайған. Bloomberg мәліметінше, мамыр айында Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары тәулігіне орта есеппен 4,58 миллион баррель мұнай өңдеген, бұл 2009 жылдың қазан айынан бергі ең төменгі көрсеткіш болған.
Kpler деректері бойынша, маусым айында Ресейде тәулігіне шамамен 4,1 миллион баррель мұнай өңделген. Әлемде мұнай бағасы 3%-дан астам өсті. Қақтығыстың қайта күшеюіне байланысты Ормұз бұғазы арқылы кеме қозғалысы бірнеше аптадағы ең төменгі деңгейге түсті. Иран Ормұз бұғазы жабылғанын мәлімдесе, АҚШ президенті Дональд Трамп оның коммерциялық кеме қатынасы үшін ашық екенін айтты. БАӘ-нің ADNOC компаниясы тамыз айына арналған Murban мұнайының ресми сату бағасын төмендетті.
Мазмұнға өту
