Сурет: Egemen Qazaqstan
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Киев пен Киев облысындағы нысандарға соққы жасалған. Соққыға ұшырағандардың қатарында «Фламинго» және «Нептун» зымырандарына арналған басқару жүйелерін шығаратын кәсіпорындар бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар Ресей тарапы Одесса облысындағы «Южный» портының әскери мақсаттағы жүктерді жеткізу үшін пайдаланылатын нысандарына да соққы жасалғанын мәлімдеді. Украина тарапы бұл ақпаратқа әзірге ресми түсініктеме бермеді. Айтылған мәліметтерді тәуелсіз дереккөздер арқылы растау мүмкін болмай отыр.
Мазмұнға өту
