Сурет: istockphoto.com
Ресей АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Reuters агенттігі саладағы төрт дереккөзге сілтеме жасап, шамамен 50 мың тонна қазақстандық жанармай жеткізу туралы келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады. Келіссөздердің басты себебі – Ресейдің ішкі нарығында бензин тапшылығының туындауы. Бұған мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстары әсер еткен.
Ресейдегі бірқатар ірі мұнай өңдеу зауыттары ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдары салдарынан жұмысын тоқтатқан. Бұл бензин өндірісінің 25%-ға қысқаруына алып келген. Ішкі нарықтағы жанармай тапшылығына байланысты Ресей бензинді теңіз арқылы импорттау мүмкіндігін де қарастырып отыр.
Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов журналистерге Ресейге бензин жеткізу жөнінде ресми сұраныс түспегенін мәлімдеген болатын.

