Қаржы

Ресей қазақстандық желатин өндірушісінің өнімдерін импорттауға тыйым салды

Сурет: istockphoto.com

Ресей Қазақстанның желатин өндіруші компаниясының өнімдерін ел аумағына әкелуге уақытша тыйым салды. Шектеу 13 тамыздан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Россельхознадзор ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне тиісті өтініш жолдаған. 12 тамыздағы құжатта «Taraz Gelatin» кәсіпорнынан Ресейге өнім жеткізу кезінде заңбұзушылық анықталғаны айтылған.

Осыған байланысты Ресей тарапы 2026 жылғы 13 тамыздан бастап аталған кәсіпорынның өнімдерін Ресейдегі алушыларға жеткізуге ветеринариялық сертификат беруді тоқтатуды сұраған.

«Көрсетілген кәсіпорыннан өнімдерді Ресей Федерациясына әкелуге 2026 жылғы 13 тамыздан бастап жол берілмейді», делінген құжатта.

«Taraz Gelatin» компаниясы желатин және коллаген өндіруге маманданған. Желатин тамақ өнеркәсібінде, соның ішінде кондитерлік өнімдер, желе және мармелад жасауда, сондай-ақ фармацевтикада капсула өндіру үшін, косметика және басқа да салаларда кеңінен қолданылады.

Көп оқылғандар