Қазақстанда өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 50-ден астам кісі өлтіру қылмысы ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, төрт аяқты көмекшілер із кесу, жарылғыш заттар мен есірткіні табу сияқты күрделі операцияларда да тиімді қолданылады.
«Өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 50-ден астам кісі өлтіру ісі ашылды. Олардың иіс сезу қабілеті адамның мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары», – деді ІІМ өкілі.
Ведомство иттердің қылмысты ашудағы рөлін арттыру үшін олардың дайындығына ерекше көңіл бөледі. Қазіргі уақытта елімізде 2 мыңнан астам қызметтік ит бар.

